Әскери қызметші дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Армия орталық спорт клубының спортшылары республикалық жарыста алтын медальді қанжығаға байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан жеке және топтық чемпионат өтті. Сайыс қорытындысы бойынша, абсолютті салмақтағы Армия орталық спорт клубының жауынгері Ерасыл Қажыбайұлы Қазақстан чемпионы атанды.

Республикалық біріншілікте еліміздің 14 облысынан, сонымен қатар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 437 дзюдошы бақ сынады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында өткен бокстан ұлттық біріншілікте Армия орталық спорт клубының спортшылары Әбілхан Аманқұл мен Қайрат Ералиев «алтын» жүлдеге қол жеткізген болатын. Мықтыларды анықтайтын сайысқа 200 спортшы қатысты. Турнирдің абсолютті жеңімпаздарынан басқа, Қарулы Күштер қызметкері Асланбек Шымбергенов финалда Қарағанды облысының спортшысына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 

Соңғы жаңалықтар