Әскери қызметкер Шымкентте қираған үйге бірінші жетіп бір отбасыны құтқарған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс орын алған үйдің маңында тұратын Ұлттық ұланының 6506 əскери бөлімінің қызметшісі старшина Руслан Бахрамов күшті болған жарылысты ести сала далаға жүгіріп шығып апат орын алған жаққа бет алды.

Опырылып құлаған үй маңынан жылаған баланың дауысы мен көмекке шақырған адамдардың даусын естиді. дереу жұбайына жедел жəрдем мен өртке қарсы қызметті шақыртуды бұйырған ол, ойланбастан көмекке ұмтылады, деп хабарлайды Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
nullРусланның тез арада шешім қабылдап, табандылықпен көрсеткен іс-əрекетінің арқасында, аталған əскери қызметші құлаған үйдің үйіндісінің астынан азамат Д.Жұмалиевтің отбасын, яғни Жұмалиев, оның жұбайы жəне оның анасы мен бір жасар қызын шығарып алады. Өкінішке орай Жұмалиевтің жұбайы алған жарақаттарынан көз жұмады. Сол арада оқиға орнына Шымкент қаласының құтқарушылары жетеді.
«Оңтүстік» өңірлік басшылығы Ұлттық ұланның қолбасшылығына аталған əскери қызметшінің табандылықпен жасаған қайсарлы əрекеті үшін оны ынталандыру жөніндегі ұсыныс жіберілді. 

null
Еске сала кетсек, 8 қаңтарда шамамен сағат 03:30-да Шымкент қаласындағы Халықтар достығы көшесіндегі  екі қабатты үйде газ баллоны жарылды. Тұрғын үй опырылып құлап, бір адам қаза тапты . 

Соңғы жаңалықтар