Әскери қызметкер болғысы келетін жастар көбейіп келеді - генерал-майор Т.Қойбақов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел тыныштығын күзетіп тұрған әскери қызметкерлердің мойнындағы жауапкершілік қашанда ерен. 7 мамыр - Қазақстан қарулы күштерінің күніне орай әскерилердің жауынгерлік рухы мен ұрысқа дайындық деңгейі жайлы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақовпен тілдесуге мүмкіндік туды.

- Өзіңіз басқаратын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік дайындығын қалай бағалар едіңіз?

- Бүгінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлері - бұл еліміздің Оңтүстік аймағының әскери қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз ететін жауынгерлік жағынан жаттықан және қалыптасқан орган болып табылады. Жуырда аяқталған Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясы біздің әскерлердің тексеру қортындысы бойынша құрамалар мен әскери бөлімдер сынақты табысты тапсырып және қойылған тапсырмаларды орындай алатындықтарын дәлелдеді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысының жеңісіне 69 - жыл толуы мемлекеттік мейрамы қарсаңында «Кәсіби маман - Армия негізі» атты ұранмен өткізілген жауынгерлік сайыстың бірінші кезеңін аяқтады. Мамыр айының мерекесі қарсаңында подполковник К.Ү.Үштаев басқаратын 85395 әскери бөлімі және полковник А.К.Қалижанов басқаратын 28903 әскери бөлімінің ұжымдары жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жақсы жетістіктерге қол жеткізді.

- Жастар арасында әскери қызметтің беделі мен абыройын арттыруда қандай жағдай жасалуда?

- Бүгінде біздің мемлекетіміздің басшылығы тәуелсіз Қазақстан армиясы күшті және мықты болып қалыптасуы, сондай-ақ әскери кәсіби беделді және абыройлы болуы үшін барлық жағдайларды жасауда. Жыл басынан бері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде жауынгерлік дайындықпен қатар әскер қатарына шақырылушы жастармен көптеген әскери-патриоттық акциялар өткізілді. Қуантарлық жайт, бүгінгі заманның оқушылары қатарында болашақта өз өмірлерін әскери қызметпен байланыстырғысы келетіндердің қатары өсіп келеді. Армияда патриоттар көп болған сайын біздің Қазақстанымыздың күші арта түседі. Әрі әскерилердің әлеуметтік жағдайлары да жақсарып, оларды баспанамен қамту жолға қойылуда.

- Мереке қарсаңыда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында қандай шаралар өткізіледі?

- 7 мамыр күні Астанада өтетін әскери шеруге біздің әскерлеріміз қатысады. Онда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінің үздік офицерлері, сержанттары және әскери әйел қызметшілері Құрлық әскерлерінің шеруінде сап түзейді. Ал, 9 мамырда Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысының жеңісі мейрамын Тараз гарнизонында Жамбыл облысы әкімдігімен бірге біздің әскери қызметшілер қатысқан мерекелік шаралар өтеді. Бұл шаралар біздің Қарулы Күштеріміздің абыройын арттыруға және әскерлердің заманауи кәсіби шеберлігін тұрғындарға шынайы көрсету мүмкіндігі туады. Мейрам күндері біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ұмытпауымыз тиіс. Олар өздерінің жастарына қарамастан сарбаздар мен әскери қызметшілерді батырлыққа және Отанымызға абыроймен қызмет етуге үйретеді. Тараз гарнизонының бір әскери бөлімінің қадірлі қонағы Ұлы Отан соғысының ардагері Ахметов Нығмет ақсақал бұған жарқын үлгі бола алады. Ардагерлерден біз өмірді бағалауды және жауынгерлік тәжірибесін үйренеміз, олардың осы атаулы күні барлығына денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. - Әңгімеңіге рахмет!

Соңғы жаңалықтар