Әскери қызметке шақырылушыдан 800 мың теңге пара алған инспектор сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім инспекторы Б.Қасымбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлағандай, Қасымбаев қызметтік лауазымын пайдаланып «әскери билет алып беремін» деген сылтаумен жедел әскери қызмет шақырылушысынан 800 мың теңге пара алған. 6 тамызда Семей гарнизонының әскери сотының үкімімен Қасымбаев 7,6 миллион теңгелік айыппұл төлеуге сотталды. Айыппұл сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін үш ай ішінде төленуі тиіс және осы уақыт ішінде айыппұл өтелмеген жағдайда сотталғанға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Сотталған «аға сержант» шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар