Әскери курсанттар жауынгерлік машинаны су ішінде басқаруды үйренуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Болашақ офицерлер судағы бөгеттерді жауынгерлік машиналармен бұзып өту бойынша жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрлық әскерлері Әскери институтының 4-курс курсанттары жауынгерлік машиналарды су ішінде басқару бойынша оқу-жаттығуларын пысықтауда.

Атап өтілгендей, практикалық тапсырманы орындауға курсанттар қажетті айла-тәсілдерді меңгеріп, зерделегеннен кейін ғана жіберіледі. Оқытушылардың жетекшілік етуімен болашақ офицерлер су жағасының әртүрлі биіктігінде суға кіру және шығу, берілген орында машинаны тежеу және тоқтату, кедергісі бар жолдарда  маневрлеу бойынша жаттығуларды пысықтайды.
null null 

«Соңғы курс курсанттары Жәнібек Азанбай мен Алмабек Бердібек су бетінде жауынгерлік машиналарды алғашқылардың бірі болып тізгіндеді. Жауынгерлік машиналар болашақ офицерлердің тәжірибелі қолдарына бірден бағынды. Броньдалған машинаны құрлықта басқару бойынша көпсағаттық жаттығулар бозбалаларға жаттығуды «үздік» деген бағаға орындауға мүмкіндік берді», - деді материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының аға оқытушысы полковник Нұрболат Нығметов.

null 

Соңғы жаңалықтар