Әскери колледжде кадет жарақат алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 31 шілдеде Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық іс жөніндегі кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды», - деп жазды министрліктен.


Соңғы жаңалықтар