Әскери кафедралар Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды – Қорғаныс министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 36 әскери кафедра бар. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Айбар Сабыртайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әскери кафедрада азаматтарды әскери дайындықтан өткізу, ол студенттердің кәсіби білім алып жатқан мамандықтары негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери оқытылған резервтер қалыптастыру мақсатында дайындалады. Ол Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары құрылымдық бөлімшесінің тапсырмасы бойынша жүргізіледі», - деді Айбар Сабыртайұлы.

Сонымен қатар ол Қазақстанда қанша әскери кафедра бар екенін айтты.

«Бүгінгі таңда, Қазақстанда 36 әскери кафедра бар. Ол жоғарғы оқу орындарының жанында құрылған. Әскери кафедралар Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды және барша біздің Қарулы күштердің қажеттілігіне әрі басқа да, күштік құрылымдардың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді», - деді департамент өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, орғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Айбар Сабыртайұлы әскери кафедраға іріктеу қадамдарына қатысты түсінік берді.


Соңғы жаңалықтар