Әскери-дипломатиялық корпус өкілдері Ақтау әскери-теңіз базасында болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әскери-дипломатиялық корпус өкілдері Ақтаудағы әскери-теңіз базасына сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемінде ынтымақтастықты нығайту шеңберінде ҚР КК Әскери-теңіз күштерінің әскери-теңіз базасына саяхат ұйымдастырылды.

Әскери нысанға АӨСШК мүше-мемлекеттерінің әскери ведомстволарынан, Қазақстан Республикасының қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінен, АӨСШК Хатшылығынан, Қазақстанда аккредиттелген қорғаныс мәселелері бойынша әскери атташелер, Астанадағы ЕҚЫҰ Кеңсе бағдарламалары секілді халықаралық ұйымдар, АӨСШК бақылаушы мемлекеттерден 13 адам сапарлап барды.

Сапар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, АӨСШК Хатшылығынан және Түркия Республикасынан бірқатар презентациялар ұсынылды. Одан кейін бөлімнің қолбасшылығымен базаның құрылу тарихы және негізгі міндеттері туралы брифинг өткізілді.

Делегация кіші кеме мамандарын дайындау бойынша оқу орталығын және мұражайды аралап, оқу-жаттығу станциясына барды.

Соңғы жаңалықтар