Әскери дәрігерлер жедел емдеудің жаңа әдісін қолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ҚМ Бас әскери клиникалық госпиталі травматология бөлімінің дәрігерлері алғаш рет әскери қызметшінің тізе буынының патологиясын жаңа әдістеме бойынша жедел емдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Травматология бөлімінің бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Әділет Ақтаевтың айтуынша, жоспарланған операция артроскопиялық құрал-жабдықтардың көмегімен өткізілген.

Мұндай операциялық емдеудің ерекшелігі - монитор арқылы бейнебақылау мен бақылауды пайдалану. Бұл өз кезегінде операцияда жарақаттың аз болуына септеседі. Манипуляциялар кеспей-ақ, тек тесу арқылы орындалады. Бұл науқастың тез қалпына келуіне септігін тигізеді.

Әскери госпиталь хабарлағандай, қазіргі уақытта операция жасалған әскери қызметші өзін жақсы сезініп, аяққа тұрып келеді. Келесі аптада әскери дәрігерлер иық буынының патологиясы бар басқа науқасты жедел емдемек.

Соңғы жаңалықтар