Әскери дабыл: ҚР ӘҚК-нің ұшқыштары жердегі «қарсыласын» бомбылады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов таңертең ерте Қарағанды қаласындағы 50185 әскери бөлімі мен Алматы облысындағы десанттық-шабуыл бригадасын оқу дабылының белгісі бойынша жауынгерлік даярлықтың жоғары дәрежесіне жеткізді.

«Өткізілген оқу-жаттығудың басты мақсаты - басқару органдары мен жеке құрамның қойылған талаптарды орындауда бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру», - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қорғаныс ведомствосы министрінің командасымен Әуе қорғанысы күштерінің құрамынан жауынгерлік кезекшілікті жүргізіп отырған күштер мен құралдар әуеге көтерілді. Талдықорған қаласындағы ӘҚК-нің 21751 әскери бөлімінің ұшқыштары оқу-жауынгерлік дабыл кезінде шартты әуе нысаналарына тосқауыл қойып, жердегі «қарсыласын» бомбылады.

Аталған тексерістің басты ерекшелігі - оның жасақтар үшін күтпеген жерден болуы. Бұл ретте өткізілген шаралар тексерілген құрамалардың әскери даярлығының жағдайын бағалауға, қазіргі проблемаларды ашуға, командирлер мен барлық жеке құрамға қойылған міндеттерді орындауда тәжірибе алуына мүмкіндік берді.

«Сонымен бірге әскери даярлық жағдайында және жеке құрамның жаттығушы деңгейінде бірқатар жүйелік кемшіліктер анықталған», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар