+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Әскери борышын өтеп жүрген жастар мамандыққа оқытылады – министрлік

2021 жылғы 25 қараша 11:55
Бөлісіңіз:
Әскери борышын өтеп жүрген жастар мамандыққа оқытылады – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мерзімді әскери борышын өтеп жүрген жастар нарықта тапшы мамандықтарға оқытылатын болады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Францияның әскери атташесі қазақстандық бітімгерлерді даярлау орталығында болды Тәжікстан Қазақстаннан өтеусіз негізде әскери-техникалық көмек алады Қазақстанның Құрлық әскерлерінде техниканың қысқа дайындығы аяқталды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Президент кәсіби бағдар беру және жастарды оқыту жүйесіндегі Қарулы Күштердің рөліне жеке тоқталды: «Мамандық алудың тағы бір мүмкіндігі армияда берілуі тиіс. Мерзімді қызметтегі сарбаздардың экономикадағы нақты сектор үшін қажетті жұмысшы мамандығын игеру мәселесін пысықтаған жөн».

«Қорғаныс министрлігі бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің мамандықтарына мониторинг жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жұмысшы мамандықтары бойынша даярлау ұйымдастырылады. Жастар әскерде борышын өтеп жүрген кезде отандық нарықта тапшы қажетті білімді, дағдылар мен мамандықтарды тегін алады.

Сарбаздарға Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Байланыс департаменттерінің, Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлерінің кіші мамандарын дайындайтын оқу-жаттығу орталықтарында кәсіби білім берілетін болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Мәлім етілгендей, мерзімді әскери қызметшілер қос мақсаттағы әскери мамандықтарды меңгереді. Оның ішінде ауыр жүк машиналарының жүргізушілері, экскаваторшылар, тракторшылар, жол төсегіштер, дизелистер – электриктер, байланыс мамандары және тағы басқалар бар.

«Алған мамандығы жастарға әскерден кейінгі өмірде де кәдеге жарары анық.

Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында қазірдің өзінде жүк көліктерінің жүргізушілерін даярлауға арналған оқу ротасы құрылды. Жыл сайын мұнда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 160-қа жуық маман даярлау жоспарланып отыр. Сабақтар алдағы жылы басталады», - деді министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT