Әскери борышын өтеген 1 мыңнан астам сарбаз үйлеріне оралды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда 2018 жылғы күзгі шақырылымның мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде өткен жылдың күз айында Қарулы Күштердің қатарына қабылданған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтуде.

Әскерде мерзімді қызметтегі 1000 шақты әскери қызметші әскери қызметін абыроймен атқарып, туған өңіріне оралды. Тек Гвардиялық гарнизонның өзінде 600-ден астам мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, артиллеристер, сапер, мотоатқыштар және Құрлық әскерлерінің басқа да салаларындағы сарбаздар запасқа босатылды.

Салтанатты шығарып салу рәсіміне әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын көтерген Қарулы Күш ардагерлері қатысты. Командирлердің нанымы бойынша аталмыш шара әскери дәстүрлерді қолдап және сақтауға мүмкіндік беріп, сарбаздарға абыроймен атқарған парыздары үшін мақтаныш сезімін жоғарлатуға сеп болады. Сонымен қатар салтанатты жағдайда үздік мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің еңбектері айтылды.

Ер жігіттер он екі ай көлемінде әскери білімді үйреніп, мамандықты меңгерді. Бір жыл бойы оларға казарма туған үйі болып, әскери әріптестері отбасыларына айналды.

«Біз әскери қызметімізді, үлкен әскери отбасымызды әрдайым есте сақтаймыз. Енді біз армиялық достастық пен бауырластық дегеннің не екенін білеміз», - деп өз пікірімен бөлісті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Елнұр Жантасов.

Әрбір әскери бөлімде әскери қызметшілердің ықыласына бөленген өз дәстүрі бар. Мәселен, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5-ші механикаландырылған бригадасында запасқа шығарылғандар Жамбыл облысынң әншісі Ришат Кумбасовтың «Үйге» әнін орындап, алаңда соңғы жүгіруді орындады.

«Алаңда салтанатты сапқа тұру, әскери оркестрдың сүйемелдеуімен марш жасау, орындалған парызды сезіну – бұның барлығы әскери қызметшілердің өзін-өзі бағалауын көтеріп, әскерге деген мақтаныш сезімдерін күшейтеді», - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері басшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша орнбасары полковник Ораз Кучуков.

Әскердің арқасында есейіп, ержеткен әскери қызметшілерді үйіне шығарып салған әскери бөлімнің командирлері мен қызметтестері оларға туған жерлеріне аман-есен жетуін тіледі.

Соңғы жаңалықтар