Әскери бөлімшеден өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесінде өрт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 қараша күні өртке қарсы қызмет пультіне Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданына қарасты Половинка ауылындағы Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Казарма жертөлесіндегі жиһаздар мен құрылыс материалдары жанып, отқа оранған аумақ 80 шаршы метрді құрады. Сағат 15-59-да өрттің алды алынып, сағат 17-12-те толық сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Н.Нұрахметов.

Ресми өкіл дерегінше, өртті Шықыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 12 маманы мен 2 техникасы сөндірген.

Соңғы жаңалықтар