+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы: Тағы бір күдікті ұсталды

2020 жылғы 26 ақпан 21:54
Бөлісіңіз:
Әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы: Тағы бір күдікті ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жедел-тергеу тобы Абылай Балғынбайдың сыбайласы - тағы бір фигурантты анықтады. Мәлім болғандай, ол А.Балғынбайдан ақшаға екі пистолет сатып алған. Олар кейіннен тәркіленді. Ату құралын не үшін сатып алғаны, сондай-ақ жасалған қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, біраз қару-жарақты ұрлап кеткен болатын. Сол күні ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери қызметшіні қолға түсірді. Кейін Абылай Балғынбайдың екі сыбайласы ұсталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «аталған қарудан ешкімге залал келтірілмегенін « атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT