Әскери байланысшылар кәсіби мерекесін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қорғаныс министрлігінде ҚР Қарулы Күштері Байланыс әскерлерінің құрылу күніне арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 жылдан бері қазақстандық армияның әскери байланысшылары әскердің күнделікті тыныс-тіршілігінде үздіксіз байланыспен қамтамасыз етіп келеді. Байланыс - бұл әскердің маңызды құрамдас бөлігі және күнделікті жауынгерлік тапсырмаларды орындауда сәттілік кепілі. Қарулы Күштерге қойылған тапсырмалардың жедел шешілуі әскери байланысшылардың жұмысына, әскери байланыстың әзірлігінің жай-күйі мен үйлесімділігіне, командирлердің жоғары кәсібилігіне, құрамалар мен әскери бөлімдердің далалық машықтарына тікелей байланысты.



Қазіргі уақытта әскери байланысшылар күн сайын мобильді және станционарлық байланыс жүйелерінде оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Әскери байланысшының арсеналына белгілерді қабылдау-тарату, сондай-ақ, деректерді кодтау және шифрсыздандыруға арналған жабдықтың кең ауқымы кіреді. Қазіргі уақытта байланыс әскерлерінде заманауи цифрлық байланыс құралдарымен қайта жарақтандыру жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр.

«Жыл сайын өткізілетін республикалық және халықаралық маңызы бар оқу-жаттығулар байланыс әскерлерінің, жеке құрам мен байланыс әскери техникасының заманауи жағдайларда жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірлігін паш етеді. Байланыс әскерлерінің жыл сайынғы кешенді жаттығуларына қатыса отырып, олар мол тәжірибе жинақтайды. Полковник А.С. Майлыбаев, полковник В.П. Самоваров, полковник Ж.С. Дүйсебаев және запастағы полковник Р.Л Хасенов ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибесін жас әскери қызметшілермен бөлісуде», - деді өзінің құттықтау сөзінде ҚР ҚК Байланыс бас басқармасының бастығы, полковник Арман Қалижанов.

Іс-шара қорытындысы бойынша еңбегімен ерекшеленген әскери қызметшілер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар