Әскери байланыс мамандары даярлықтан қайда өтеді
«Заманауи байланыс техникасы болса, оны меңгеру үшін білікті мамандар керек. Сондықтан байланыс мамандығы жоғары білімді және үнемі ізденісті талап етеді. Жалпы байланыс саласындағы офицерлер Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында даярланады. Осы орайда Қарулы күштер қатарындағы офцерлер аталған институттың түлектері», - деді Н. Қалманов онлайн брифингі барысында.
Сонымен қатар ол бұл салада кіші мамандықты даярлау Алматы облысындағы оқу орталығында іске асырылып жатқанын айтты.
«Осы орталық алты ай ішінде әскер қатарына шақыртылған сарбаздарды байланыс саласында тиісті мамандықтар бойынша даярлайды. Биылдан бастап аталған орталықта екі мамандық бойынша сарбаздар оқытылады. Яғни әскерге шақыртылған сарбаз әскери мамандықпен қоса, азаматтық мамандықты да меңгеріп шығады. Бұл тұрғыда үйіне оралғанда қосымша мамандықпен барады», - деді ведомство өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздегі кәсіпорындарда спутниктік әскери байланыс кешендері шығарылып жатыр. https://kaz.inform.kz/news/askeri-saladagy-baylanys-keshenderinin-zhagdayy-kanday_a3963955
Фото : gov.kz