Әскери барлаушылар кәсіби мерекесін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери барлаушылар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.  

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен барлаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға  Қарулы Күштердің ардагерлері мен әскери барлау органдарының өкілдері қатысты.null 

Барлау институты құрылған сәттен бастап басшылық етудің тиімді жүйесін, жауынгерлік органдарының дұрыс ұйымдастырылуын, әртүрлі жауынгерлік іс-қимылдардың нәтижелі қолданылуын қамтамасыз етті. Ақпараттық технологиялардың дамуымен барлау түрлерінің саны ұлғайып жатыр.null 

«Тәуелсіздік алғалы бері Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қарулы Күштер еліміздің берік қалқанына айналды. Бүгінде халықаралық шарттардың жойылуы, саяси тұрақсыз, терроризм актілері, әскери іс-қимылдардың ақпараттық, будандастық және кибернетикалық әдістері елеулі қауіп-қатер туғызып отыр. Әскери барлау мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие», - деді ҚР Қорғаныс министрі.null

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында ведомство басшысы әскери барлау органдарын дамытуға үлес қосып жүрген әскерилер қызметінің күрделілігі мен маңыздылығын атап өтті.null 

Жиын барысында ерекше көзге түскен офицерлер мен сержанттар ведомстволық медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар