Әскерге шақыру алдында жүргізілетін зерделеу жұмыстарының маңызы неде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі online-брифингінде ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі подполковник Руслан Тапашев 2022 жылғы көктемгі әскерге шақыру алдында жүргізілетін зерделеу жұмыстары жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны көктемде және күзде жүргізіледі. 2022 жылғы көктемгі әскериге шақыру алдында еліміздің жергілікті әскери басқару органдары жастарды алдын ала зердедеу жұмыстарын бастады. Әскерге 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады.

Жеке істерді зерделеу кезінде әскерге шақырылатындардың сауалнама деректері анықталып, әрбір жас азаматпен және оның ата-аналарымен әңгімелеседі. Зерделеу барысында әскерге келетіндердің алған мамандықтары міндетті түрде ескеріліп, сонымен қоса олардың моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімі, жалпы білімі, арнайы дайындығы мен отбасы жағдайы жөніндегі мәлімет нақтыланады.

«Азаматтарды әскерге шықыру қағидаларына сәйкес, біздің жергілікті әскери басқару органдарына әскерге шақыралатындарды зерделеу жұмыстары жүктелген. Осыған байланысты зерделеудің мақсатына тоқталсақ, жігіттің денсаулығы, білімі және басқа да қырларын ескеріп, бізге әскерге жібереміз. Сонымен қатар зерделеу кезінде олардың сотты болуы немесе болмағаны назарға алынады. Бұл жұмыстардың мақсаты – әскерге азаматтарды іріктеуді сапалы жүргізу», - деді Руслан Тапашев.

Оның айтуынша, аталған зерделеу жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі. Көктемге әскерге шақыру дайындық кезінде 10 қаңтардан басталып, 28 наурызға дейін жалғасады. Күзгі әскерге шақыру кезіндегі зерделеу жұмыстары 10 тамыздан басталады да, 28 қыркүйекке дейін өтеді.

«Азамат зерделеуден өткеннен кейін, әскерге жөнелтіледі. Осы орайда бұл жұмыстармен қамтылатын жастарға хабар жеткізу шақырту қағаздарын ұсыну, смс-хабарлама тарату арқылы жүргізіледі. Әрине, зерделеу жұмыстары кезінде ата-аналарының да болғанын дұрыс деп есептеймін. Өйткені жігіттің ата-аналасымен пікір аламасу жүргізіледі», - деді Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілі.

Айта кетейік, алдын ала зерделеу бастапқы кезеңде қандай да бір әскер түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеруге әзір жастардың сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік береді. Әскерге шақырудан босату негіздерінің заңдылықтары, оның ішінде денсаулық жағдайы да тексеріледі.



Соңғы жаңалықтар