Әскердегі сарбаздар жылына екі мәрте коронавирусқа тест тапсырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы күзден бастап мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздар жылына екі рет коронавирусқа ПТР-тестіден өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы күзде көктеммен салыстырғанда әскерге шақырылушыларға ПТР-тест екі рет жүргізіледі. Алғашқысы – әскерге шақырылып, жиын-пунктінде жүрген кезінде, екіншісі – жас буын әскери бөлімдерге келген кезде алынады. Әскерге шақыру кезінде және жиын-пункттерінде әскерге шақырылушылар және медициналық комиссия мүшелері медициналық маскалармен және бактерияға қарсы құралдармен қамтамасыз етілді. Күн сайын кемінде екі рет барлық қызметтік және қосалқы үй-жайларда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Қолданылып жүрген тәжірибені ескере отырып, әскерге шақырылушыларды хабардар ету, оларды медициналық тексерістен өткізу, сонымен қатар олардың жиын-пункттерінде болулары кезінде Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер, басқармалар мен бөлімдер қызметкерлерімен іс-қимыл жасау алгоритмдері бір ізге қойылды», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов.

Оның айтуынша, әскерге шақырылушылардан респираторлық ауруға тән белгілер анықталған кезде әрекет ету әдісі қарастырылған.

Айта кетсек, Қазақстанда биыл күзде 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.


Соңғы жаңалықтар