Әскерде адам өлімі азайды ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы әскери саладағы қылмыстардың статистикасын жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы алты айда өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда әскердегі қылмыстардың саны 28 процентке азайды. Былтыр қаңтар-маусым айларында 343 қылмыс орын алса, биылғы алты айда 248 құқық бұзушылық тіркелген. Соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар 45 процентке (170-тен 94-ке дейін), әскерилердің өлімі 24 процентке (46-дан 35-ке дейін), жарақат алу 16 процентке (1085-тен 910-ға дейін) азайды. Ал қадағалау актілері арқылы тұрғын үй, өтемақы және коммуналдық мәселелерге қатысты 7 мың әскери қызметкердің әлеуметтік құқығы қорғалды.

Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, аталған жұмыс стартегиялық маңызға ие. Себебі осы саладағы заңның үстемдігі мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын күшейтеді. Осы орайда Бас әскери прокурор әскери мүлікті сатып алу саласындағы ұрлыққа жол бермей, әлімжеттік сияқты мәселелерді үнемі қадағалап отыруы тиіс.

Айта кетейік, бүгінгі алқа мәжілісінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қылмыстық саясатты гуманизациялау шаралары туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта 5 мыңға жуық сотталған адам босатылуы мүмкін.

Ал Құқық қорғау академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов аталған оқу орнының кемшін тұстарын жариялады. Оның сөзіне қарағанда, академия қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жан-жақты тексеріп шығу керек. Себебі мамандардың ауысуы жиілеп кетті. Үш жылдың ішінде аталған көрсеткіш 60 процентті құрады.

"Еңбек тәртібі осал. Әрбір екінші қызметкер "больничныйда" жүрді. Ал кейбір қызметкерлер бір жылда екі рет емес, 8-10 рет "ауырып" шығады. Бұның барлығы күнделікті нәрсеге айналды. Сосын академияда үш жыл істесе де, кіретін есікті де білмейтін қызметкерлер бар", - деп атап көрсетті Е.Мерзадинов. 

Оның ойынша, "Болашақ" бағдарламасын өзгерту керек. 

Соңғы жаңалықтар