Әскер спортшысы ММА турнирінің жеңімпазы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы Қазбек Сағын Ақтөбеде Naiza sport week спорт апталығы аясында өткен Naiza 48 аралас жекпе-жегі бойынша турнирдің чемпионы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың басты жекпе-жегінде армия спортшысы екінші раундта британдық Джон Шинкті тұншықтыру әдісімен жеңді.

«Сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өте қуаныштымын. Қарсыласымның соққыларды мықты болды. Әсіресе, тік тұрып жасаған соққылары ауыр болды. Сондықтан, партер әдісін қолдануға тура келді. Орталық спорт клубындағы әріптестеріме қолдау көрсеткені үшін ризамын және бүгінгі жетістігіме арқау болған әскер спортына алғысымды білдіремін», - деді Қазбек Сағын.

Айта кету керек, бұл – ММА-де жеңіліссіз өнер көрсетіп жүрген армия спортшысының мансабындағы төртінші жеңісі.


Соңғы жаңалықтар