Асқат Жантұрсыновтың америкалықты нокаутқа түсірген видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы, бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін Асқат Жантұрсынов (3-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Асқат АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында америкалық  Майкл Коронадомен (1-1-2, 0 КО) айқасты. Төрт раундқа есептелген кездесуде Жантұрсынов үшінші раундта қарсыласын сұлатып салды.

Биыл шілдеде кәсіпқой боксқа қадам басқан Асқат осымен үшінші нокаутын тойлады.

Коронадомен кездесудің негізгі сәттерін боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Askat_Jantursynov (@askat_jantursynov) 8 Дек 2018 в 10:38 PST

Соңғы жаңалықтар