Асқат Жантұрсынов әзербайжан боксшысынан жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Асқат Жантұрсынов Әзербайжаннан келген қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бокс кешінде тағы бір Әзербайжан боксшысы Сурат Гараев Қазақстан спортшысымен қолғап түйістірді.

6 раундқа созылған жекпе-жек барысында Асқат Жантұрсыновтың мұрны қанап, айқас бірнеше рет тоқтатылды.

Соған қарамастан жанын салып жұдырықтасқан қазақстандық спортшының әр соққысына Jekpe jek сарайындағы халық атойлап қолдау білдіріп отырды.

Төрешілер Әзербайжан боксшысының басым түскенін тіркеді.

Бұған дейінгі үш кездесуде де шаршы алаң иелері қарсыластарынан басым түсті.

Бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Фото: old.kzvesti.kz


Соңғы жаңалықтар