+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Асқар Жүнісбек ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызметі» мекемесінің директоры болып тағайындалды

2020 жылғы 21 мамыр 14:25
Бөлісіңіз:
Асқар Жүнісбек ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызметі» мекемесінің директоры болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директоры болып Асқар Жүнісбек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш мекеменің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Министрлік Бас мемлекеттік санитар дәрігер неліктен ауысқанын түсіндірді

Асқар Рақымбайұлы С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін, механика және қолданбалы математика факультетін бітірді. Өзінің еңбек қызметін Алматы облысы Қоғалы орта мектебінің математика және информатика мұғалімі ретінде бастады. Әр жылдары ақпаратты қорғау мен киберқылмыстардың алдын алу бағыты бойынша басшылық лауазымдарда, 2013 жылдан бастап «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК директорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Сонымен бірге Мәскеу қаласындағы Үкімет байланысы мен ақпараты жөніндегі федеральдық агенттікке қарасты Жаңа технологиялардың оқу-методиологиялық орталығының компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дипломы бар.

Асқар Жүнісбек қол жеткізген оң нәтижелері үшін бірнеше рет ведомстволық және үкімет наградаларымен, түрлі халықаралық грамоталармен және дипломдармен ынталандырылды, «Ерең еңбегі үшін» мемлекеттік медалін иеленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT