+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Асқар Жұмағалиев «Нұр жолы» кеден бекетінің құрылысын көріп шықты

2018 жылғы 17 қаңтар 15:29
Бөлісіңіз:
Асқар Жұмағалиев «Нұр жолы» кеден бекетінің құрылысын көріп шықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында Үкімет басшысының орынбасары алдымен Алтынкөл станциясы жұмысымен танысты. 250 гектар аумақта 113 нысан орналасқан. Бұл жерде темір жолмен кіріп шығатын жүктер рәсімделіп, кедендік бақылау жүргізіледі. Бір жүк поезына қызмет көрсету уақыты 3 сағат 55 минут.
null

Асқар Қуанышұлы ҚТЖ мен еліміздің кеден қызметінің өзара ықпалдастығын жетілдіріп, орын алатын кедергілерді бірлесіп жоюды тапсырды. Сондай-ақ, жүк тасымалдау кезіндегі декларация толтыруды цифрландыру мен автоматтандырудың жаңа жүйесін əрі осы қызметті пайдаланушылар үшін барынша жеңілдетілген бағдарламасына көшіруді қарастыру қажеттілігін жеткізді.

Бұдан кейін вице-премьер Қазақстан-Қытай шекарасында жаңадан салынып жатқан «Нұр жолы» кеден бекетінің құрылыс жұмыстарын көріп шықты. Дəл осы жерде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралі Қытай елімен түйіседі. Бұл заманауи нысан 2020 жылы аяқталуы тиіс.
null

Асқар Жұмағалиев сонымен қатар «Қорғас шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы, Қорғас халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығында, Нұркент қаласында болып қайтты.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT