Асқар Жұмағалиев ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет қаулысымен ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Көлік және коммуникация министрлігі мен Байланыс және ақпарат агенттігінің ұжымына жаңа басшыларды таныстырды.

С. Ахметов А. Жұмағалиевке ККМ басшысы лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айта отырып, «жаңа меморганның жұмысын ұйымдастыруда, ел Президенті алға қойған міндеттерді шешуде оның кәсіби шеберлігі жететініне» сенім білдірді. Премьер-министр алға қойған міндеттерді орындауда Ж. Қасымбек пен А. Жұмағалиевке табыстар тіледі. ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі Елбасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығымен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылды. Асқар Жұмағалиев «Жарық» ЖШС Бас директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәттен бастап төраға орынбасары, 2004 жылдың қыркүйегі мен 2005 жылдың қаңтары аралығында төраға міндетін атқарды. 2005 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2006 жылдың 11 қазаннан 2010 жылдың наурызына дейін «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы. 2010 жылғы 12 наурыздан 2012 жылғы 20 қаңтарға дейін ҚР Байланыс және ақпарат министрі қызметін атқарды. 2012 жылғы 20 қаңтардардан бүгінгі күнге дейін ҚР Көлік және коммуникация министрі болды. Аталған ведомствоны бүгіннен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек басқаратын болды.

Соңғы жаңалықтар