Асқар Жұмағалиев интернетке қолжетімдіктің нашарлауына түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатын орнатпаған адамдарда интернетке қолжетімдіктің нашарлағаны туралы сұрақтарға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байланыс сапасына тоқталсақ, қауіпсіздік сертификатына байланысты жабдықтарды ретке келтіру бойынша жұмыстар басталысымен, желіге қолжетімдік бойынша қандай да бір проблемалар болуы мүмкін деген тиісті ақпарат жарияланды. Алайда бұл мәселе уақытша сипатқа ие. Қазіргі кезде бұл сертификатты орнаттым және менде байланыспен проблема жоқ», - деді А. Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министр қандай да бір сауалдар туындаса, онда Мемлекеттік техникалық қызметке хабарласу керектігін түсіндірді.

«Тиісті сауалдар болса, аталған қызметке хабарласу керек, сәйкесінше барлық мәселелер шешімін табады деген ойдамын. Тиісті проблемалар болса, Мемлекеттік техникалық қызмет қажетті көмектерін жасайды, сондай-ақ байланыс операторлары да өздерінің көмектерін іске асырады», - деді Асқар Жұмағалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр тілшілер қауымына аталған сертификатты смартфонына орнатқанын көрсетті.


Соңғы жаңалықтар