+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Асқар Жамбакин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды

2020 жылғы 20 қараша 18:42
Бөлісіңіз:
Асқар Жамбакин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Асқар Жамбакин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының бас санитар дәрігері тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған тағайындаулар Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2009 жылы Манчестер университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы «Эйр Қазақстан» ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған.

2010-2011 жылдары — «HSBC Қазақстан банкі» АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері.

2011-2014 жылдары «Қазақстанның даму банкі» АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры болып жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары — ҚР Ұлттық банкінің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары.

2016-2017 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарған.

2017-2018 жылдары — «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі.

2018 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT