+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Өңірлерде отбасын қолдау клубтары жанданып келеді

2021 жылғы 16 қазан 18:33
Бөлісіңіз:
Өңірлерде отбасын қолдау клубтары жанданып келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «Замандас» отбасылық аула клубы мен «Шанс» әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Олар әр өңірде отбасын қолдау орталықтарын құру бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау шеңберінде ашылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Асқар Умаров «Шанс» әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығын аралау барысында осы орталықта оңалтудан өтіп жатқан жасөспірімдермен әңгімелесті және жастарды қолдау бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді.

«Замандас» отбасылық-аула клубына барған кезде 2021 жылдың басынан бастап клубтың негізінде қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау бойынша бірыңғай білім беру және консультациялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында құрылған отбасын сүйемелдейтін республикалық орталық жұмыс істейтіндігі атап өтілді.

Ағымдағы жылы отбасын қолдау орталықтарының 300 қызметкерінің қатысуымен 10-нан астам тақырыптық тренингтер өткізілді.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған 500-ден астам әйел келесі бағыттар бойынша жаңа мамандықтарға оқытылды: тігін шеберлігі, клининг, СММ, аспаздық, сұлулық саласындағы мамандықтар. 700-ге жуық адам «бір терезе» қағидаты бойынша түрлі мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау алды.

Айта кетейік, жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Замандас 21» ҚҚ-мен жүзеге асырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT