Асқар Умаров БАҚ өкілдерімен медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдерін талқылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров қаланың БАҚ өкілдерімен медиа заңнаманы қайта қараудың жаңа тәсілдерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара барысында үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының және интернет-ресурстардың өкілдері қатысты.

Министр Асқар Умаров өз сөзінде жаңа заңда реттеуді талап ететін жұмыс тобы әзірлеген бағыттар туралы айтып берді.

«Заң жобасын әзірлеуді біз барлық мүдделі тұлғаларды тарта отырып, ашық және айқын жүргізіп жатырмыз» - деп атап өтті министр.

Іс-шараның модераторы журналист Асқар Джалдинов болды, ол іс-шара барысында кез келген адам талқылау үшін өз ұсыныстарын енгізе алатынын атап өтті.

Қорытындылай келе, министр заң жобасын талқылау ашық форматта өтетінін және ашық кездесулер тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар заң жобасы аясында жұмыс тобының талқылауы мен қарауы үшін ұсыныстар берді.


Соңғы жаңалықтар