Асқар Шәкіров ресейлік әріптесі Андрей Яцкинмен кездесті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Асқар Шәкіров Ресей Федералдық Жиналысы Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінде Федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкинмен кездесті.

Онда тараптар Ресей Парламенті жоғарғы палатасының спикері Валентина Матвиенконың биылғы маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының бұрын болған отырыстарының хаттамасына қол қойылды.

Мемлекеттік Дума сайлауына ТМД ПАА халықаралық байқаушыларының үйлестірушісі ретінде Мәскеуде жүрген Сенат төрағасының орынбасары сайлау алды іс-шаралар аясында Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Толстоймен және Ресей Парламентінің төменгі палатасындағы «Единая Россия», «КПРФ», «ЛДПР», «Справедливая Россия - Патриоты - За правду» саяси партияларының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Соңғы жаңалықтар