Асқар Мырзахметовтың жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
  ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Өңір басшысының өкімімен Момышев Талғат Амангелдіұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.                

Талғат Амангелдіұлы 1968 жылы туылған. 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтын «бухгалтер-экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Өз еңбек жолында ол Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы директорының орынбасары, «Интерсистема» ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас референті, Жамбыл облыстық инвестиция және ішкі экономикалық байланыс комитетінің төрағасы, «Метрология» РМК Алматы филиалының директоры, «Ұлттық акредиттеу орталығы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары болып елеулі еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған. Сондай-ақ, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің  Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Ал, 2016 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы қызметін атқарып келді.

Облыс әкімдігінің активіне жаңа орынбасарын таныстырған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Талғат Амангелдіұлының өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жолында аянбай еңбек ететініне сенім білдіріп, сәттілік тіледі. Облыс басшысының жаңа орынбасары экономика, бюджет, спорт, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік жасайды.

Ғибрат Сембай

Соңғы жаңалықтар