+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Асқар Мырзахметов түйнеменің шығуы туралы: Біз өздігімізден карантин енгізе алмаймыз

2019 жылғы 17 қыркүйек 10:50
Бөлісіңіз:
Асқар Мырзахметов түйнеменің шығуы туралы: Біз өздігімізден карантин енгізе алмаймыз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірде Сібір жарасының шығуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ольгинкадағы карантин: Залалданған еттің 80 пайызы жойылды Ақмола облысындағы карантин: Елордалықтарға еш қауіп жоқ Ольгинкада түйнемеге қатысты карантин қашан алынады

«Түйнемемен 4 адамның аурғандығы анықталды. Олар ауруханға жатқызылған. Дәрігерлердің мәлімдемелеріне сәйкес, бүгінгі таңда олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ. Бір-екі күнде олардың барлығы ауруханадан шығарылады. Ал енді олармен байланысты болды делінген адамдар да тексеріліп жатыр. Мұнан бөлек, орын алған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, заң аясында тиісті шаралардың барлығы атқарылуда», - деді Асқар Мырзахметов Үкімет отырысынан кейін БАҚ өклідеріне.

Облыс басшысының айтуынша, өңірде карантин енгізу үшін Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми шешімі қажет. Қазіргі уақытта Ветеринария комитеті тарапынан облыс әкімдігіне ешқандай құжат келіп түскен жоқ.

«Сондықтан біз өздігімізден карантин енгізе алмаймыз. Қазір тұрғындарды түйнемені неден жұқтырғанын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Асқар Мырзахметов.

Бұған дейін, Жамбыл облысында 4 адам түйнеме жұқтырып, ауруханада жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Жамбыл облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT