+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Асқар Мырзахметов: Тұрғындардың әрбір арыз-шағымымен жүйелі жұмыс жүргізілетін болады

2019 жылғы 29 қараша 00:14
Бөлісіңіз:
Асқар Мырзахметов: Тұрғындардың әрбір арыз-шағымымен жүйелі жұмыс жүргізілетін болады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында тұрғындардың арыз-шағымдарына, ұсыныс-пікірлеріне жергілікті атқарушы органдар айрықша ден қойып, олармен жүйелі әрі шынайы жұмыс жүргізіп, уақтылы шешімдер қабылдап отыру – басты назарға қойылмақ. Бұл туралы облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметовтың Жуалы ауданында өткізген қоғамдық қабылдауында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған Шу мен Меркінің 9 тұрғыны карантинге жатқызылды Жамбыл облысында азық-түлік қоры жеткілікті Бердібек Сапарбаев діни жоралғыларда ысырапшылық жасамауға шақырды

Партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен қабылдауға ауданның алты тұрғыны қатысып, көкейлерін өзекті сауалдарын жолдап, орамды ой-пікірелерін ортаға салды.

Айталық, Қайрат ауылының тұрғыны Кәрібай Құрмашев аудандағы 19 елдімекенді газдандыру мәселесін көтеріп, ауылдастарының талап-тілегін жеткізді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров бұл бағытта тиісті қаражаттар қарастырылып, жобалық құжаттар жасалынып қойғанын, алайда елдімекендер көгілдір отынға кезең-кезеңімен қосылатынын білдірді.

Аймақ басшысы Асқар Исабекұлы осы ретте халық өтінішін назарға алып, газ құбыры тартылып үлгерген ауылдарды шетінен көгілдір отынға қоса берудің маңыздылығына көңіл бөліп, бұл бағыттағы жұмыс үйлестіруді тапсырды.

Ал, Қоңыртөбе ауылының тұрғыны Сабыр Түймебаев Д.Пахомов атындағы орта мектепке жапсарлас алты оқу кабинетін және спорт зал соғу мәселесін ортаға салды. Оның сұрағына облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров жауап беріп, ол үшін 198 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттардың әзірленгенің жеткізіп, аталған жұмыстар келер жылы толығымен жүзеге асатынын айтты.

Сол секілді нұрлыкенттік Мухиддин Нұрпейісовтың ауылға мәдениет үйін соғу мәселесі «Ауыл – ел бесігі бағдарламасы» аясында шешімін табатын болды. Облыс басшысы осы орайда елдімекендердегі жаңадан бойы көтеріп жатқан мәдениет үйлерін тиімді пайдаланудын өзектілігіне тоқталып, ондай ғимараттарды әмбебап нысан ретінде салу мүмкіншілігін ескеру керектігін баса айтты. Яғни, мәдениет үйің спорт зал ретінде де ыңғайластырып, барынша ауыл тұрғындарының қажеттілігіне үздіксіз қызмет еткізу жайы назарға алынбақ.

Облыс басшысының аудандағы қоғамдық қабылдауына жазылған өзге де тұлғалар түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Олардың қатарында жер, жайылымға жайттарды айрықша атауға болады. Қабылдауда жуалылықтар әлеуметтік мәселелерге айрықша назар аудартты десек, шақпақаталық Смаул Көбесов ауылдағы амбулаторияның тұрғындарға тарлық етіп отырғанын, аудандық аурухананың қызмет көрсету сапасы көңілден шықпайтынын, саладағы маман тапшылығын ашына айтты. Сондай-ақ, Теріс ауылының тұрғыны Оралбек Махашов ауылдардағы мал дәрігерлеу жұмыстары ойдағыдай еместігін алдыға тартты.

Аймақ басшысы, көтерілген сауалдардың өзектілігін тілге тиек етіп, бұл орайда арнайы комиссия құрылып, нақты тексеріс жұмыстарының жүргізілетінін атап өтті. Қорытындының шынайы әрі нәтижелі болуы үшін құрылатын комиссия құрамына арызданушы тұлғалардың өздерін барынша тарту керектігіне айрықша тоқталды. Асқар Исабекұлы жауапты тұлғаларға тұрғындардың әрбір арыз-шағымымен жіті жұмыс жасап, кем-кетіктер мен орын алып отырған олқылықтарға өз деңгейлерінде барлау жасап, заң аясында шешім шығарып отыруды нықтап тапсырды.

Айта кетейік, облыс әкімінің қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта басқа да аудандар да жалғасын таппақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT