Асқар Мырзахметов «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды. Бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін Бауыржан Байбек атқарған болатын. Осы уақытта «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросы кеңесінің отырысы өтуде.

Мырзахметов Асқар Исабекұлы 1962 жылы дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.

Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылым қызметкері болып жұмыс істеген.

1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілерде мен қоғамдық ұйымдарда (Орта Азия және Қазақстан биржа қауымдастығы басқармасының, Қазақстандағы Кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы) басшылық қызметтерін атқарған.

1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.

2009 жылдың наурызынан бүгінгі күнге дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар