+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Асқар Мырзахметов мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің тілектерін орындамақ

2019 жылғы 10 қараша 02:32
Бөлісіңіз:
Асқар Мырзахметов мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің тілектерін орындамақ

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Анасын іздеген 8 жасар бала Алматы интернатынан қашып кетті

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері облыс басшысымен кездескілері келетіндерін айтып видео жолдаған. Әкім балалармен уақыт тауып, жүздесуге уәде берген еді. Аймақ басшысы уәдесінде тұрып, кездесуге барды.

Асқар Мырзахметов алдымен мектеп-интернат ғимаратын аралап, жай-күйімен танысты. Мекеме директоры Ельмира Жақсылықова білім ордасында бүгінде 390 бала тәрбиеленіп жатқанын жеткізіп, олардың қатарында жартылай жетім, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары бар екендігін айтты. Оларға барлығы 86 педагог, тәрбиелеуші білім беруде.

Өңір басшысы мекеме ауласындағы жаяу жүргіншілер жолы, жатақханадағы төсек орындарын жаңалау, ғимарат ішіндегі жарықтандыруды арттыру мәселелеріне назар аударып, құрал-жабдықтардың жеткілікті, асхананын талапқа сай болуына барынша көңіл бөлді. Сонымен қатар, мұндай әлеуметтік нысандардағы түйінді түйткілдерді шешу, ондағы тәрбиленушілер мен қызмет алушыларға барлық қолайлы жағдай жасау - қашанда басты назарда болу керектігін баса айтты.

Бұдан соң тәрбиеленушілер кездескен аймақ басшысы балалардың түрлі сұрақтарына жауап беріп, өзінің оқушы кездегі қызықтарымен бөлісті.

Облыс әкімі тәрбиленушілерді еркін әңгімеге тартып, олардың арман-тілектеріңе құлақ түрді. Өз кезегінде оқушылардың бірі оқу құрал-жабдықтарын, өнерге қызығатындары саз аспаптарының жеткіліксіздігін, енді бірі интерактивті тақтаның санын арттыру керектігін айтып, өтініш білдірді.

Асқар Мырзахметов олардың өтініштеріне бей-жай қарамай, қажеттіліктерін алып беруге уәде берді. Жүздесу естелік суретке түсумен аяқталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Әкім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT