Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Асқар Мырзахметов Арыс қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті

2019 жылғы 18 шілде 14:55 409
Бөлісіңіз:
Асқар Мырзахметов Арыс қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті

АРЫС. ҚазАқпарат – Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы облысқа тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Арыстың барлық мектебі жаңа оқу жылына дайын болады – министр Арыста 60 шақырым жол толығымен қайта жөнделеді Арыс қаласында 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді

Облыс әкімі аталмыш бөліністегі арыстықтардың пікірі мен ой-ұсыныстарына құлақ түріп, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін тапсырды. Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы тұрғындар әулиеаталық құрылысшылардың жұмысына көңілі толатынын жеткізіп, алғыс айтты.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық өңірі жұдырықтай жұмыла кіріскен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр. Оның ішінде жамбылдық құрылысшылардың да белсенді еңбегін елеп айтуға болады. Облысқа тиесілі 3-сектордағы 50 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Пайдалануға берілген бұл үйлерге қайта қоныстанған халық жамбылдықтарға дән риза.


Жамбыл облысына қарасты бұл бөлініс қаладағы жарылыс орын алған аумаққа ең таяу орналасқандықтан, апат кезінде ондағы үйлер мен нысандардың 90 пайыздан астамы бүлінген.

Қазіргі таңда 3-сектор аумағындағы қалпына келтіру шараларына жамбылдық 4 құрылыс компаниясынан 450-ден аса құрылысшы мен 21 теxника жұмылдырылған. Олар 242 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үймен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Зерделеуден өткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, смета жұмыстары жасалды.

Қираған 3 үйдің екеуі қайтадан салынып, біреуі толық жаңғыртылады. Қалған 309 үйге әртүрлі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қажетті құрылыс материалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT