+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Асқар Мамин жұмыс қарқынын бәсеңдеткен әкімдерге жағдайды түзетуді тапсырды

2019 жылғы 14 қазан 10:07
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин жұмыс қарқынын бәсеңдеткен әкімдерге жағдайды түзетуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс қарқыны төмендеген әкімдерге барынша қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет басшысы Асқар Маминнің Түркияға сапарының қорытындысы Асқар Мамин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесті ШЫҰ Үкіметтер басшыларының кеңесі: Асқар Маминнің Ташкентке сапарының қорытындысы

«Баяндамаларға қарағанда, 9 айда жалпы ішкі өнім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өскен. Өсім құрылыста - 13,5 пайыз, саудада - 7,6 пайыз, көлік саласында - 5,5 пайыз, өңдеуші секторда, оның ішінде машина жасауда - 18,2 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте - 19 пайыз, металл рудалары өндірісінде - 16,1 пайыз, мұнай өңдеу - 7,2 пайызды құрады. 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық өсімнің негізгі базалық көрсеткіштері бойынша Атырау, ШҚО, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары әкімдерінің оң жұмысын атап өткім келеді. Артта қалған өңірлер жұмыс қарқынын күшейтіп, тиісті шаралады іске асыруы қажет», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Асқар Мамин кей әкімдіктерде бірқатар көрсеткіш төмендеп бара жатқанын еске салды.

«Маңғыстау облысында 9 айдың қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіштер төмендеп отыр. Атап айтқанда, құрылыста, инвестиция, өнеркәсіпте және байланыс бойынша даму қарқыны баяулады. Сол секілді Қызылорда облысында - өнеркәсіп және байланыс, БҚО-да - өнеркәсіп, СҚО-да - құрылыс қарқыны төмендеуде. Сондықтан әкімдерге барынша қысқа мерзімде жағдайды түзетуді тапсырамыз», - деді Асқар Мамин.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Әлихан Смайылов қай министрліктер бюджетті игере алмай жатқанын айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT