+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Асқар Мамин жоспарлы көрсеткіштерді орындамаған әкімдерге тапсырма берді

2019 жылғы 10 қыркүйек 10:10
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин жоспарлы көрсеткіштерді орындамаған әкімдерге тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жоспарлы көрсеткіштерді орындамаған әкімдерге тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Ақтөбедегі Оңтүстік айналма жол құрылысын қарап шықты

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Онда Елбасы саясатының сабақтастығы көрініс тауып, Үкіметке экономиканы одан ары дамытуға бағытталған бірқатар негізгі міндеттер белгіленген. Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы орнықты өсімін қамтамасыз етіп, оның 2025 жылға қарай 5 пайызға жеткізіп, одан да жоғарылату Үкіметтің негізгі міндеті болып саналады. Баяндамаларда айтылғандай биылғы қаңтар-тамызда ЖІӨ былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға өсті», - деді Үкімет отырысын қорытындылаған Үкімет басшысы.

Оның дерегінше, құрылыста 11,8, сауда-саттықта 7,6, көлік саласында 5,5, өңдеуші секторында, оның ішінде машина жасауда 18, жеңіл өнеркәсіпте 17, түсті металл 17,9, мұнай өңдеуде 6,2 пайызға өсім байқалып отыр. Сонымен қатар, көмір мен қара металлургияда өсім жоқ.

«Салалық министрліктерге бекітілген нысаналы индикаторлардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуді тапсырамын. 8 айдың қорытындысында экономиканың негізгі базалық көрсеткіштері бойынша Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері жақсы жұмыс жүргізгенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, 8 айдың көрсеткіштеріне сәйкес құрылыс Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, өнеркәсіп елордада, Шымкент қаласында инвестициялар бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмай отыр. Өңірлердің әкімдеріне аса қысқа мерзімде бұл жағдайды түзетуге тапсырамын»,- деді Асқар Мамин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT