Асқар Мамин: Жасанды интеллект технологияларын дамыту үшін ЕАЭО аясында қолайлы жағдай жасау керек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жасанды интеллектті пайдалану ЕАЭО экономикасының көптеген бағыттарын оңтайландыруға көмектеседі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министрдің пікірінше, жасанды интеллект әлеуетін барынша дамыту ЕАЭО елдерінің жаһандық бәсекелестігін арттырудың шешуші факторы болмақ.

«Осыған байланысты жасанды интеллект технологиясын серпінді дамыту үшін ЕАЭО аясында қолайлы жағдай жасап, келісілген шаралар қабылдау қажет. Жалпы зерттеу қызметін дамытуда, стандарттар мен ережелерді әзірлеуде белсенді ынтымақтастық орнату маңызды», - деді Асқар Мамин.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы жасанды интеллектті пайдалану біздің экономикамыздың көптеген қызмет салаларын оңтайландыруға ықпал ететіндігін атап өтті.

«Бүгінгі таңда жаһандық бәсекеге адами капиталдың деңгейі, елдегі технологиялық дайындық пен цифрландыру факторлары шықты. Қазіргі таңда әлемдік экономиканы дамыту үшін заманауи технологияларды жедел қамтамасыз ету қолға алынды. Болашақта жаңа технологиялық өндірістер құру қажеттілігі күшейетінін атап өткім келеді «, - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін, Асқар Мамин Қазақстанда жасанды интеллект технологиясын енгізу бойынша алғашқы қадамдар жасалынғанын айтқан болатын.

Еске салайық, Алматыда «Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтіп жатыр. Бұл шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясының, Молдова үкіметінің басшылары мен премьер-министрлері қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар