Асқар Мамин жаңа министрліктерге қандай міндеттер жүктеліп отырғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңадан құрылған министрліктердің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаулыға сәйкес, жаңа министрліктер құрылды. Сауда және интеграция министрлігіне ішкі және сыртқы сауда саясатын, экспортты алға жылжыту мен оны үйлестіру, стандарттауды техникалық тұрғыда реттеу міндеттері жүктелді. Ал Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қоршаған ортаны қорғау, геология саласындағы табиғи ресурстарды, елдің минералды-шикізаттық өндірісін тиімді түрде пайдалану міндеттері тапсырылды», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, сумен қамту қызметтері жүктелгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бүгін Үкімет үйінде қызметіне жаңа кіріскен министрлер ант берген болатын.

Соңғы жаңалықтар