+7 (701) 759 90 19
USD 380.19 EUR 419.01
RUB 6.08 CNY 54.81
Jańalyqtar

Асқар Мамин Ыстанбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады

2019 жылғы 9 қараша 13:30
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Ыстанбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады

НҰР-СҰЛТАН - 2019 жылғы 10-11 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан–Түркия үкіметаралық комиссиясының XI отырысына және Қазақстан–Түркия бизнес-форумына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин министрлер мен әкімдердің басты міндеттерін атады Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты арттыру үшін жол картасы әзірленбек - вице-премьер 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасы даярланады – ҰБ

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин мен Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның кездесуі жоспарланған.

Қазақстан–Түркия бизнес-форумына 150-ден астам қазақстандық және 700 түрік компаниясының өкілдері қатысады. Форум жұмысы аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин түрік бизнесінің көшбасшыларымен, оның ішінде Yildirim, Ronesans, Kibar, Calik, Koc, Zorlu, Eczacibasi холдингтерінің басшылықтарымен бірқатар кездесулер өткізеді.

Форум қорытындысы бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту, туризмді, тұрғын үй құрылысын, сондай-ақ, көліктік-логистикалық секторды дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы 20-ға жуық құжатқа қол қою жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT