Асқар Мамин Ұлттық олимпиада комитетінің басым міндеттерін айқындап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында ел Премьер-Министрі Асқар Мамин аталған ұйымның алдындағы басым міндеттерді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олимпиадалық спорт түрлерін ұйымдастырудың қолданыстағы жүйесі командаларымыздың жаттығу процесін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сіздердің назарларыңызды әсіресе өсіп келе жатқан буынға аудартқым келеді. Олардың арасында көптеген таланттар бар. Біздің ортақ мақсатымыз - оларды тауып оқыту және ірі әлемдік жарыстарда жеңіске жеткізу. Бұл тармақ әрбір федерация үшін басымдық болып саналады», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы ұлттық құрама командамыз 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсету үшін қазірден бастап бар күш-жігерді жұмсау қажеттігін айтты.

«Тәжірибелі бапкерлеріміз, дарынды спортшыларымыз, жалпы әлеуетіміз бар», - деді ол.



Соңғы жаңалықтар