Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді.

Сапары барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев оны Түркістан қаласында жаңадан бой көтеретін нысандардың құрылыс жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналық қонақтар алдымен құрылысты жүргізетін компаниялардың жұмысшыларымен кездесіп, олардың еңбек жағдайымен танысты. Түркістан қаласының бас жоспары бойынша 7,7 гектар аумаққа әкімшілік іскерлік-орталық салынатын болады. Онда облыс әкімшілігі, басқармалар мен аумақтық департаменттердің ғимараттары бой көтереді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қаңдар айында басталып, 2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.

null

Облыс орталығында сондай-ақ, Астана қаласының тапсырысы бойынша шаһардың шырайын арттыратын «Астана» алаңы бой көтереді. Оның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс. 4,7 гектар аумаққа салынатын нысанның құрылыс жұмыстарына 100 адам жұмылдырылмақ.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тапсырысымен 1000 адамға шақталған Конгресс орталық салынады. Мәдени ошақтың құрылыс жұмыстары келесі айда басталып, 2020 жылдың соңында аяқталады. Нысанның жалпы аумағы 3 гектарды, ал ғимараттың жер көлемі 14 200 шаршы метрді құрайды.

null null null

Одан бөлек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Түркістанда оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге тапсырыс жасаған. 1 гектар жердің 10 мың шаршы метріне заманауи үлгідегі сәулетті ғимарат тұрғызылады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, бүгінде Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың жер телімдері белгіленіп, бірқатар жобалар бекітілген.

null null null

Соңғы жаңалықтар