+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Асқар Мамин Түркістанда халықаралық автобекеттің ашылуына қатысты

2019 жылғы 17 тамыз 15:20
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Түркістанда халықаралық автобекеттің ашылуына қатысты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысына кезекті сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған жұмыс тобы ең алдымен Түркістан қаласындағы халықаралық автобекеттің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарын көрді Қазақстанда Солтүстік инвестициялық банктің өкілдігі ашылады Асқар Мамин Президент Жолдауын іске асыру жайында: Бізден нақты нәтиже күтіледі

Асқар Мамин халықаралық автобекеттің ашылуымен құттықтап, игі лебізін білдірді. ҚР Премьер-Министрі мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев салтанатты жағдайда лентаны қиды.

Бұл автовокзалға тапсырыс беруші «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС. Мердігер мекеме – «ЮгСтройконструкция» ЖШС. Нысанның құрылысы биыл, яғни 2019 жылдың сәуір айында басталып, 2019 жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Шығыс үлгісінде салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 2,4 га құрайды. Жоспарға сай, 600 автобусқа арнайы 15 тұрақ қарастырылған. Тәулігіне 10-мың адамға дейін қызмет көрсете алады.







Автобустар Алматы, Нұр-Сұлтан секілді бағыттарымен қатар, облыстың өзге де аудан қалаларына жүргізілетін болады. Нысанның ішінде ана мен бала бөлмесі, күту залы, асхана, тынығатын орындармен қамтылған. Сондай-ақ автовокзал аумағында барлық стандартқа сай автокөлік жуу орны, техникалық қызмет көрсету орындары ашылу жоспарланып отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT