Асқар Мамин Түркістан қаласында бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс алаңына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыстар барысымен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырды.

Үкімет басшысы алдымен Түркістан облысының жаңа әкімшілік іскерлік-орталығының құрылыс алаңына барды. Қаланың бас жоспары бойынша ол 7,7 гектар аумаққа салынады. Онда облыс әкімшілігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер үйінің ғимараттары бой көтереді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қаңтар айында басталды. Жоспар бойынша аяқтау мерзімі 2020 жылдың наурыз айы. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамасы 40 пайызға дайын құрылыстың жер қазу және қайта нығыздау жұмыстары жүргізілуде.
null

Мұнан соң Премьер-Министр қала орталығынан бой көтеріп жатқан 7 мың орындық стадионның құрылысымен танысты. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның тапсырысымен салынып жатқан нысанда қоршау, құрылыс алаңын өсімдік қабатынан тазалау жұмыстары аяқталған. Қазір қазаншұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 8,3 га салынып жатқан аумақта 100 адам жұмыспен қамтылған. Аталған алаң келер жылы пайдалануға берілетіні жоспарланған.
null

Одан бөлек Үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының тапсырысымен салынып жатқан Оқушылар сарайының құрылыс алаңына барды. 1 гектар жердің 10 000 шаршы метріне заманауи үлгідегі сәулетті ғамарат тұрғызылатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс алаңы қоршалып, жер жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс барысына 100-ге тарта адам тартылған.

null

Соңғы жаңалықтар