+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді

2020 жылғы 17 қыркүйек 19:21
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді

АШХАБАД. ҚазАқпарат - Бүгін Ашхабад қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин ЕО елшілерімен экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады

Тараптар дамудың жоғары қарқынын және экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Карантин шараларына және әлемде орын алған қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстанның Түрікменстанмен сауда деңгейі тұрақты өсімді сақтап қалды — 2020 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы 10%-ға шамамен $100 млн-ға дейін ұлғайды. Биылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан аумағы арқылы Түрікменстанға теміржол жүктерін транзитпен тасымалдау көлемі 55%-ға артты.


Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан уәлаяты арасындағы шекара маңы ынтымақтастығын дамыту келешегіне, оның ішінде екі елдің шекарасында шекара маңы саудасының арнайы аймағын құру жолымен дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Ашхабад қаласына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстанның Министрлер кабинеті басшысының орынбасарлары Р. Мередовпен, Б. Овезовпен және М. Мередовпен жеке келіссөздер жүргізді, онда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың практикалық шаралары қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT