Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

2019 жылғы 26 сәуір 14:36 519
Бөлісіңіз:
Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

 ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, облыс орталығындағы құрылыс барысымен танысты. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс орталығын дамыту және 2019-2021 жылдарға арналған Түркістан қаласын дамытудың кешенді жоспарының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Маминнің Түркістанға жұмыс сапары кезінде маңызды 5 құжатқа қол қойылды Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шымкентте жүр

Мемлекет Басшысы қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан облыс әкімдігі, басқармалар және департаменттер ғимараттары, Медиа-орталық пен Конгресс-Холлдың құрылысы салынып жатқан алаңдарды қарап шықты. Қаланы дамытудың басым бағыттары әлеуметтік нысандар қатарына орталық стадион мен оқушылар сарайы және ХҚО кіреді. Жаңадан салынып жатқан саз мектебінің құрылысы бойынша жобалар мен жүзу бассейні бар спорт сарайы және облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана дайындық кезеңінде. Бүгінде халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында өңірде абаттандыру және көріктендіру нысандары қолға алынған. Ол үшін Тұңғыш Президент саябағы, қалалық ойын-сауық паркі, музыкалық фонтан, амфитеатр және Арбат салынуда. Барлық құрылыс жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп, уақытында аяқталады.

Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты 

Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Асқар Мамин қаланы облыс орталығының кіреберіс қақпасымен байланысатын және 18 метрге дейін созылатын Б.Саттарханов даңғылының учаскесіне назар аударды. Үкімет басшысы Түркістан қаласының айналасындағы «жасыл белдеуді» құру, суару жүйесін дамыту жұмыстарының барысымен танысты. «Арыс-Түркістан» арнасын қайта жаңғырту және «Машина» арнасының құрылысы қарастырылды. Жобаларды іске асыру суармалы су тапшылығын толығымен шешеді және ауыл шаруашылығы өндірісінің жылдық көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс сапары барысында индустриалды аймақтың аумағын кеңейту және «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын іске қосу бойынша жобалар ұсынылды. Инфрақұрылым жеке инвестициялар есебінен жүргізіледі деп күтілуде.

Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты 

Премьер-Министр Қожа Ахмет Ясауи мұражайының құрылыс алаңдарын, тарихи сәулет түрінде салынып жатқан Шығыс моншасын, туристік визит-орталығын аралады. Облыс әкімдігінде «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының аумағын жақсарту және қалашықтағы тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстары таныстырылды.


Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты 
Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты 
Асқар Мамин тарихи орындарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT