Асқар Мамин Талдықорғандағы аурухананың жұмысымен танысты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Премьер-Министр Асқар Мамин Талдықорғандағы қалалық көпсалалы аурухананың жұмысымен танысты. Бұл жерде Үкімет басшысына дәрігерлер онкоауруларды ерте кезеңде анықтайтын жағдаяттық орталықтың жұмысы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Радиологиялық-ақпараттық кешен онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Себебі бұл жерге заманауи компьютерлік серверлерге жасанды интеллект орнатылған. Орталық Алматы облысының 13 емдеу мекемесінің 70-тен астам қондырғыларымен тікелей жалғанған. Жасанды интеллект ол жердегі ақпаратты жедел саралап, рентген суретінен обырдың бар-жоғы, кезеңі туралы нақты ақпарат береді. Мәселен адамның көзі 50 түрлі өзгерісті көре алса, жасанды интеллект 60 мыңға жуық өзгерісті ажыра алады. Жоба мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде жүзеге асты. Жаңа бағдарламаны Түркия елінің мамандары қазақстандық әріптестермен бірлесе құрастырған.

«Бұл орталық 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Осы уақыт аралығында 36 мыңнан астам тексеріліп, олардың 146-ы адамы қатерлі ісікпен ауруы мүмкін деген күдікке ілінді. Ал жалпы бұл орталықтың жылына 1 млн-нан астам адамға тексеру жүргізіп, онкологиялық ауруын ерте анықтауға мүмкіндігі бар», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ.

null

Соңғы жаңалықтар