Асқар Мамин су тасқыны қаупі туралы халықты уақытылы хабардар етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су тасқыны қаупі болғанда халықты хабардар ету жұмысын белсенді жүргізуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдермен бірлесіп, тиісті жедел штабтар құруды, алдағы су тасқыны кезеңіне күш пен құралдардың дайындығын және су тасқыны қаупі болған жағдайда халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етсін», - деді Үкімет басшысы.
Асқар Маминнің айтуынша, төтенше жағдайда жедел шара қабылдануы тиіс.
«Жалпы Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, су тасқыны қаупі болғанда немесе су басқан жағдайдағы іс-әрекет барысы жайлы халықты хабардар ету жұмысын белсенді жүргізуі қажет. Ақпарат министрлігі осы мәселеде жәрдемдессін. Осы мәселе бойынша үйлестіру Роман Васильевичте», - деді Асқар Мамин орынбасары Роман Склярға қарата.
- Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
- Қазақстанның 7 облысында көлік қозғалысы шектелді
- Василий Левит француз боксшысын жеңіп, Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
- ШҚО-да жасанды жолмен 140 400 текше метр қар түсірілді
-
Испания турнирі: 3 қазақстандық жартылай финалға өтті
-
Стенд атудан әлем кубогі: Қазақстан құрамасында тағы бір медаль
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам